Қазақстан Құрылтайының 1-сайланымы
Қазақстан Республикасы Құрылтайының 1-шақырылымы — 2026 жылы сайланған Қазақстан Құрылтайының бірінші шақырылымы.[1] Шақырылымның тұңғыш сессиясы 2026 жылғы 28 тамызда басталды.

- Әділет: 110 депутат
- Ауыл: 10 депутат
- Respublica: 9 депутат
- Ақ жол: 8 депутат
- ЖСДП: 8 депутат
Алғышарттары
өңдеу2026 жылғы конституциялық референдумнан кейін елде жаңа Конституция қабылданды да, екіпалаталы Қазақстан Парламентінің орнына басты заң шығарушы орган рөліне бірпалаталы Қазақстан Құрылтайы келді.[1] Елде өзге де саяси және заңи өзгерістер орын алды, мысалы Қазақстан вице-президенті лауазымының қайта құрылуы.[2]
Сайлануы
өңдеу2026 жылғы 23 тамызда Қазақстан 145 депутаттан тұратын жаңадан құрылған парламентін сайлады.[3][4] Бұл шақырылым 1991 жылғы Қазақстан тәуелсіздігінен бергі 10-парламент болмақ. Ол, оған қоса, — жаңа Конституция асында өткен тұңғыш парламент сайлауы.[5] Жылдар бойы түрлі халықаралық ұйымдар Қазақстандағы сайлаулардың әділдігіне күмән келтіріп келген.[6][7]
Халықтың дауыс бергені нәтижесінде Құрылтайға 5 тіркелген партия ене алды. 145 мандаттан 110-ын алған Әділет партиясы осылайша көпшілікке ие болды.
Сессиялары
өңдеуБірінші Құрылтайдың бірінші сессиясы 2026 жылғы 28 тамызда өтті.[8][9] Оны Қазақстан президенті Тоқаев ашты.
28 тамызда Әділет партиясы фракциясының жетекшісі болып Ербол Адаев сайланды.[10]
Мүшелері
өңдеуСайлау нәтижесінде Құрылтайға 5 түрлі партияның депутаттары енді. Олар:
| Партия | Мандаты | ||
|---|---|---|---|
| Әділет | 110 | ||
| Ауыл | 10 | ||
| Respublica | 9 | ||
| Ақ жол | 8 | ||
| Жалпыұлттық социал-демократиялық партия | 8 | ||
Дереккөздер
өңдеу- 1 2 Первые выборы в Курултай – это системный рубеж в политической истории страны – Меруерт Кабылбаева (орыс.). adyrna.kz. (16 шілде 2026). Тексерілді, 20 шілде 2026.
- ↑ Обнуление срока Токаева: зачем Казахстану новая конституция и вице-президент (орыс.). bbc.com. (18 шілде 2026). Тексерілді, 20 шілде 2026.
- ↑ Parliamentary election to be held in Kazakhstan in August, president says (ағыл.). Reuters. (10 сәуір 2026). Тексерілді, 6 мамыр 2026.
- ↑ Sullivan, Greg Kazakhstan President Calls Parliamentary Elections for August (ағыл.). Bloomberg. (26 сәуір 2026). Тексерілді, 6 мамыр 2026.
- ↑ Parliamentary election to be held in Kazakhstan in August, president says (ағыл.), Reuters (10 April 2026). Тексерілді 4 маусымның 2026.
- ↑ Rickleton, Chris. Hints Of Change? Five Takeaways From Kazakhstan's Parliamentary Elections (ағыл.), Азаттық радиосы (20 March 2023). Тексерілді 20 шілденің 2026.
- ↑ Elections in Kazakhstan (ағыл.), ЕҚЫҰ. Тексерілді 20 шілденің 2026.
- ↑ Бірінші шақырылымдағы Қазақстан Республикасы Құрылтайының бірінші сессиясын шақыру туралы
- ↑ Olzhbaekova, Tamila Kazakhstan's New Kurultai Elections: What the 30% Quota Could Mean for Women in Parliament (ағыл.). timesca.com. The Times of Central Asia. (3 шілде 2026). Тексерілді, 20 шілде 2026. Мұрағат көшірмесі 15 шілденің 2026 Wayback Machine мұрағатында
- ↑ Определен состав Президиума и Комитетов Курултая РК