1945 жыл
(1945 бетінен бағытталды)
| Жылдар |
|---|
| 1941 · 1942 · 1943 · 1944 — 1945 — 1946 · 1947 · 1948 · 1949 |
| Онжылдықтар |
| 1920 жж. · 1930 жж. — 1940 жж. — 1950 жж. · 1960 жж. |
| Ғасырлар |
XIX ғасыр
— XX ғасыр |
| Грегориан күнтізбесі | 1945 MCMXLV |
| Юлиан күнтізбесі | 1944 — 1945 (14 қаңтардан бастап) |
| Рим қаласының құрылуынан бастап | 2697 — 2698 (4 мамырдан бастап) |
| Византия күнтізбесі | 7453 — 7454 (14 қыркүйектен бастап) |
| Еврей күнтізбесі |
5705 — 5706 ה'תש"ה — ה'תש"ו |
| Ислам күнтізбесі | 1364 — 1365 |
| Армения күнтізбесі | 1394 ԹՎ ՌՅՂԴ |
| Қытай күнтізбесі | 4641 — 4642 甲申 — 乙酉 көк маймыл — көк қораз |
| Ефиопия күнтізбесі | 1937 — 1938 |
| Инду күнтізбесі | |
| - Викрам самват | 2001 — 2002 |
| - Шака самват | 1867 — 1868 |
| - Кали-юга | 5046 — 5047 |
| Иран күнтізбесі | 1323 — 1324 |
1945 жыл — Григориан күнтізбесі бойынша аптаның бірінші күні, яғни дүйсенбіде басталады. Кібісе жыл емес.
Бұл біздің заманымыздың 1945 жылы, II мыңжылдықтың 945-жылы, XX ғасырдың 45-жылы, 20 ғасырдың 5-онжылдығының 5-жылы, 1940 жылдардың 6-жылы болып табылады.
Оқиғалар
өңдеуҚаңтар
өңдеу- 5 қаңтар - КСРО Польша Республикасының Уақытша үкіметін мойындады.
- 17 қаңтар - Честохова мен Варшава босатылды.
- 20 қаңтар - Франклин Рузвельт 4-ші мерзімге АҚШ президенті қызметіне кірісті.
- 30 қаңтар - Адольф Гитлер радиода өзінің соңғы көпшілік алдында сөз сөйледі.
Ақпан
өңдеу
- 4 ақпан - одақтас державалардың Ялта конференциясы ашылды.
- 12 ақпан - Перу Германия мен Жапонияға соғыс жариялады.
- 13 ақпан:
- Будапештті қоршау қаладағы неміс әскерлердің кеңес-румын әскерлеріне берілуімен аяқталды.
- Британ Әскери-әуе күштері мен Америка Құрама Штаттарының Әскери-әуе күштерінің Дрезденді бомбалауы шамамен 25 000-нан 35 000-ға дейін адамның өмірін қиды.
- 16 ақпан:
- Венесуэла Германияға соғыс жариялады.
- Везелді бомбалау басталды, нәтижесінде үш күн ішінде қаланың 97%-ы қирады.
- 19 ақпан - Иводзима шайқасында шамамен 30 000 АҚШ теңіз жаяу әскері Иводзимаға қонды.
- 22 ақпан - Уругвай Германия мен Жапонияға соғыс жариялады.
- 23 ақпан:
- 26 ақпан:
- Мысыр Германияға соғыс жариялады.
- Сирия Германия мен Жапонияға соғыс жариялады.
- Мажарстанның Уақытша Ұлттық Үкіметі елдегі барлық фашистік партиялар мен ұйымдарды таратты.
- 27 ақпан:
- 28 ақпан - Сауд Арабиясы Германия мен Жапонияға соғыс жариялады.
Наурыз
өңдеу
- 3 наурыз:
- 9 наурыз - Американдық авиацияның Токионы бомбалады (267000 үй өртеніп, 100000-нан астам тұрғын қаза тапты).
- 11 наурыз
- АҚШ Әскери-әуе күштерінің Нагоя қаласына жаппай шабуылы.
- Жапон империясы Вьетнам империясын құрды, ол тек 23 тамызға дейін өмір сүретін қуыршақ мемлекет, оның билеушісі Бао Дай болды.
- 13 наурыз - АҚШ Әскери-әуе күштерінің Осака қаласына жаппай шабуылы.
- 19 наурыз - Адольф Гитлер одақтастардың шабуылына дейін Германиядағы барлық өнеркәсіптік зауыттарды, әскери қондырғыларды, механикалық шеберханаларды, көлік және байланыс нысандарын жоюды бұйыратын «Нерон жарлығын» шығарды, бірақ оны орындауға тағайындалған Альберт Шпер оны әдейі бұзды.
- 21 наурыз - Британдық және үнді әскерлері Бирмадағы Мандалай қаласын жапондықтардан ресми түрде азат етті.
- 22 наурыз - Каирде Араб лигасын құру туралы келісімге қол қойылды
- 27 наурыз - Аргентина Германия мен Жапонияға соғыс жариялады.
- 30 наурыз - Қызыл әскер фашисттік күштерінің көп бөлігін Мажарстаннан Авустрияға ығыстырып жіберді.
Сәуір
өңдеу

- 1 сәуір - Окинава шайқасы басталды.
- 4 сәуір - Мажарстанды босату аяқталды.
- 7 сәуір
- Жапондық Ямато әскери кемесі батып кетті.
- Кантаро Сузуки Жапонияның премьер-министрі болып тағайындалды.
- 11 сәуір - АҚШ әскері Бухенвальд концлагерін азат етті.
- 12 сәуір - АҚШ президенті Франклин Рузвельт қайтыс болды, Гарри Труман жаңа президент болып сайланды.
- 13 сәуір - Кеңес әскерлері Австрияның астанасы Венаны алды.
- 15 сәуір
- Берген-Бельзен концлагерін британдық және канадалық әскерлер азат етті.
- Канадалықтар Нидерландының солтүстігіндегі жағалауға жетіп, Арнемді басып алды.
- 16 сәуір
- Қызыл әскер Берлин операциясының басталуы.
- Флоссенбюрг концлагерінен өлім шерулері басталды.
- 20 сәуір - Американдық әскерлер Германияның Нюрнберг қаласын басып алды.
- 25 сәуір - Сан-Францискода Біріккен Ұлттар Ұйымының конференциясы ашылды.
- 28 сәуір:
- Американдық әскерлер Аугсбург қаласын басып алды.
- Бенито Муссолини Солтүстік Италиядағы Комо көлінің маңында партизандармен тұтқынға алынып, өлім жазасына кесілді.
- 30 сәуір - Берлинде Адольф Гитлер өз бункерінде өзін-өзі өлтірді.
Мамыр
өңдеу

- 1 мамыр - Рейхстагтың үстінен Жеңіс туы көтерілді.
- 2 мамыр - Берлинді Кеңес әскерлері басып алды. Италияның солтүстігінде "С" неміс әскер тобының тапсырылуы қабылданды. Италиядағы азаматтық соғыстың аяқталуы.
- 3 мамыр:
- Британдық әскерлер Бирманың астанасы Рангунды жапон күштерінен азат етті.
- 5 мамыр – Дания партизандары ел астанасы Копенгагенді азат етті.
- 7 мамыр - Реймсте Германияны тапсыру туралы актіге қол қойылды.
- 9 мамыр - Праганы кеңес әскерлері азат етті.
- 15 мамыр – Югославиядағы неміс әскерлерді қуып шығару және капитуляциялау аяқталды.
- 23 мамыр - СС-тің бұрынғы басшысы Генрих Гиммлер британдық түрмеде өз-өзіне қол жұмсады.
Маусым
өңдеу- 1 маусым - Британдықтар Ливан мен Сирияны өз бақылауына алды.
- 5 маусым - Одақтас державалар Германияда КСРО, АҚШ, Ұлыбритания және Франция үкіметтерінің жоғарғы билікті өз мойнына алуы туралы Декларацияға қол қойды. Ел 4 оккупация аймағына бөлінді.
- 12 маусым – Югославия әскерлері Триесттен кетіп, аумақты бақылауды Жаңа Зеландия әскерлеріне қалдырды.
- 24 маусым - Мәскеуде Қызыл алаңда жеңіс шеруі өтті.
- 26 маусым - Біріккен Ұлттар Ұйымының жарғысына қол қойылды.
- 30 маусым – Қырым АКСР РКФСР-дің Қырым облысы болып қайта құрылды
Тамыз
өңдеу
- 6 тамыз - Жапонияның Хиросима қаласындағы американдық атом бомбасының жарылуы.
- 8 тамыз - Лондонда КСРО, АҚШ, Ұлыбритания және Франция өкілдері әскери қылмыскерлердің жауапкершілігі туралы келісім жасады.
- Кеңес Одағы Жапониямен соғыс жағдайының бар екенін жариялады.
- 9 тамыз - Кеңес Одағы Маньчжурияда Жапонияға шабуылын бастады.
- Жапонияның Нагасаки қаласын атом бомбалауы.
- 15 тамыз - Жапония императоры Хирохито радио арқылы ұлтқа бет бұрып, Жапонияның берілгенін жариялады.
Қыркүйек
өңдеу
- 2 қыркүйек - Миссури әскери кемесінің бортында Жапонияны тапсыру туралы актіге қол қойылды — Екінші дүниежүзілік соғыс аяқталды.
- 11 қыркүйек - Жапонияның премьер-министрі Хидеки Тодзио одақтастардың әскери қылмыстар жөніндегі сотынан құтылу үшін өзін-өзі өлтіруге тырысты.
- 12 қыркүйек - Жапон армиясы Сингапурдағы британдықтарға ресми түрде тапсырылды.
- Кореядағы Америка Құрама Штаттарының әскери үкіметі Кореяның генерал-губернаторы қызметін таратып, Жапонияның Кореядағы 35 жылдық отарлық билігін ресми түрде аяқтады.
- 18 қыркүйек - Қытайдағы жапон әскері Уханьда ресми түрде берілді.
Қазан
өңдеу
- 10 қазан - Одақтас мемлекеттер нацистік партияны таратты.
- 20 қазан - Моңғолия Қытайдан тәуелсіздікке дауыс берді.
- 24 қазан - Біріккен Ұлттар Ұйымы 29 елдің жарғысын ратификациялау арқылы құрылды.
Қараша
өңдеу
- 16 қараша - ЮНЕСКО-ның (Біріккен Ұлттар Ұйымының білім, ғылым және мәдениет жөніндегі Ұйымы) құрылуы.
- 20 қараша - Нюрнберг процесінің басталуы. Нюрнбергтегі әділет сарайында екінші дүниежүзілік соғыс кезінде әскери қылмыс жасады деп айыпталған 22 нацисттің сот процестері басталды.
Желтоқсан
өңдеу- 3 желтоқсан - Афинадағы коммунистік толқулар Грециядағы азаматтық соғысты туындады.
- 27 желтоқсан - Жиырма бір мемлекет дүниежүзілік банкті құру туралы мақалаларды ратификациялады.
Туғандар
өңдеуТағы қараңыз: Санат:1945 жылы туғандар
- 1 тамыз - Дуглас Ошеров, физик, 1996 жылдың Нобель сыйлығының лауреаты.
Қайтыс болғандар
өңдеуТағы қараңыз: Санат:1945 жылы қайтыс болғандар
Тағы қараңыз
өңдеу| Ортаққорда бұған қатысты медиа санаты бар: 1945 |
Дереккөздер
өңдеу| 1945 жылға арналған күнтізбе | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Қаңтар
|
Ақпан
|
Наурыз
| |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сәуір
|
Мамыр
|
Маусым
| |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Шілде
|
Тамыз
|
Қыркүйек
| |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Қазан
|
Қараша
|
Желтоқсан
| |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
| Бұл — жыл туралы мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. |