Талыш тілі
Талыш тілі (Talysh language) — үндіеуропалық тілдер отбасының ирандық тармағының солтүстік-батыс тобына кіреді, аналитикалық құрылысы бар тілдердің қопарылма (флективті) түріне жатады, өткен шақта өтпелі етістіктері бар сөйлемнің эргативті құрылысына ие.[1]
| Талыш тілі | |
| Өз атауы: |
Talysh language |
|---|---|
| Елдер: | |
| Сөйлеушілер саны: |
184 100 — 1 300 000 |
| Классификация | |
| |
| Жазуы: | |
| Тіл коды | |
| МЕСТ 7.75–97: |
тал 650 |
| ISO 639-1: |
tly |
| ISO 639-2: |
— |
| ISO 639-3: |
tly |
| Тағы қараңыз: Жоба:Лингвистика | |
Референтті халық
өңдеуРеферентті халық: талыштар; өз атауы – толыштар.
Географиялық таралуы
өңдеуОлар Әзербайжанның оңтүстік-шығысында Талыш тауларында, негізінен Ленкоран, Астара және ішінара Масаллы, Лерик аудандарында және Иранның шекаралас аймақтарында тұрады.[2][3]
Диалектісі
өңдеуТалыш тілінде негізгі төрт сөйленіс бар: ленкоран, астар, лерик, массалин.
Жазуы
өңдеуКөптеген зерттеушілер жазуы жоқ деп санайды. Иранда талыш тілін жеткізу үшін араб жазуы қолданылады. Әзірбайжанда Кеңес өкіметі орнаған соң 1920 жылдардың аяғында талыш әліпбиінің әріптерін жазу үшін латын әліпбиі енгізіліп, 1939 жылы кириллицаға көшіруге әрекет жасалды. 1930 жылдары бұл тілде көптеген оқулықтар мен көркем әдебиеттер басылып, оның диалектілері зерттелді.[4]
Талыш кирилл әліпбиі:
| A a | Б б | В в | Г г | Ғ ғ | Д д | Е е | Ә ә | Ж ж | З з |
| И и | Ы ы | J j | К к | Л л | М м | Н н | О о | П п | Р р |
| С с | Т т | Y y | Ф ф | Х х | Һ һ | Ч ч | Ҹ ҹ | Ш ш |
Қазіргі талыш латын әліпбиі:
| A a | B b | С с | Ç ç | D d | E e | Ә ә | F f | Ğ ğ | H h |
| X x | I ı | İ i | J j | K k | Q q | L l | M m | N n | O o |
| P p | R r | S s | Ş ş | T t | Ü ü | V v | Y y | Z z |
Дереккөздер
өңдеу- ↑ Э.Д. Сүлейменова, Д.Х. Ақанова, Н.Ж. Шаймерденова «Қазақстан тілдері: әлеуметтік лингвистика анықтамалығы» — «Издательство Золотая Книга» ЖШС, 2020. — Б. 179. — 480 б. — ISBN 978–601–7988-21-0.
- ↑ Талыштар. Тексерілді, 30 маусым 2025.
- ↑ Талыши - تالىشن / Tolışon / Толышон. Тексерілді, 30 маусым 2025.
- ↑ Талыш тілі – шығу тегі, сипаттамасы, ерекшеліктері.. Тексерілді, 30 маусым 2025.