Ембі
Ембі — Ақтөбе облысының Мұғалжар ауданындағы қала, темір жол бекеті.
| Қала | |
| Ембі | |
| Әкімшілігі | |
|---|---|
| Ел | |
| Облысы | |
| Ауданы | |
| Қалалық әкімдігі | |
| Әкімі |
Қорғанбай Әлімжан Өмірсерікұлы |
| Тарихы мен географиясы | |
| Координаттары |
48°49′ с. е. 58°08′ ш. б. / 48.817° с. е. 58.133° ш. б. (G) (O) (Я)Координаттар: 48°49′ с. е. 58°08′ ш. б. / 48.817° с. е. 58.133° ш. б. (G) (O) (Я) |
| Қала статусы |
1967 |
| Уақыт белдеуі | |
| Тұрғындары | |
| Тұрғыны |
▲12 891[1] адам (2023) |
| Сандық идентификаторлары | |
| Телефон коды |
+7 +7(71334) |
| Пошта индексі |
031300 |
| Автомобиль коды |
04 |
Ембі шекарасы
| |
Географиялық орны
Халқы
1999 жылы тұрғындар саны 12345 адам (6011 ер адам және 6334 әйел адам) болса, 2009 жылы 11251 адамды (5526 ер адам және 5725 әйел адам) құрады.[2]
2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 12783 адамды (6331 ер адам және 6452 әйел адам) құрады.[3]
Тарихы
Іргесі 19 ғасырдың 40-жылдары қаланған, 1937 жылдан кент, 1967 жылдан бері қала.
Инфақұрылымы
Ембіде локомотив депосы, Ақтөбе ет комбинатының бөлімшесі, геофизикалық-геологиялық барлау экспедициясы, көлік, құрылыс, т.б. кәсіпорындар мен әртүрлі бағыттағы 7 өндірістік кооператив пен бірлестік жұмыс істейді. Қалада 5 орта мектеп, кәсіптік-техникалық колледж, мәдениет үйлері, клубтар мен кинотеатрлар, кітапхана, ауданның ауруханасы, емхана, стадион, т.б. оқу-ағарту және денсаулық сақтау мекемелері бар. 1985 жылдан А.Қ. Жұбановтың мұражайы жұмыс істейді. Тұрғындары басқа елді мекендермен темір жол және автомобиль жолы арқылы қатынасады.

